Арменияда Үкімет үйінің алдында халық наразылыққа шықты

None
None
ЕРЕВАН. АРМЕНПРЕСС - ҚазАқпарат – Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинян соғысты тоқтату туралы құжатқа қол қойғанын жариялағаннан кейін Армения үкіметі ғимаратының алдына халық жиналды. Бұл туралы ҚазАқпарат АРМЕНПРЕСС агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Республика алаңында сигнал берген көліктер өтіп жатыр. Үкімет ғимаратының алдындағы жағдай ушығып тұр.

Үкімет ғимаратына ондаған адам басып кірді. Полиция қызметкерлері адамдарды ғимараттан шығуға көндіруде.

Премьер-Министр қабылданған шешім оған тым қиын болғанын, бұл шешім әскери жағдайды терең талдау нәтижесінде, жағдайды жақсы білетін адамдардың бағалауы нәтижесінде қабылданғанын атап өтті.

Үкімет үйі алдына жиналған адамдар Армения, Ресей және Әзербайжан басшыларының мәлімдемесінің мәтіні әлі толық жарияланбағанына қарамастан, шешіммен келіспейтінін білдіруде.

Еске салсақ, Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойылған болатын.



Соңғы жаңалықтар