Арменияда төтенше жағдай режимі 13 маусымға дейін созылды

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияда төтенше жағдай режимі тағы бір айға созылды. Мұндай шешім бейсенбі күні Армения үкіметінің отырысында қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі хабарлайды.

Армения үкіметінің шешімі бойынша, елде төтенше жағдай режимі тағы бір айға – 13 маусымға дейін созылды. Шешімге сәйкес, коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіпті, ТЖ режимін жариялауға себеп болған жағдайлар әлі қалыпқа келтірілмеген.

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның айтуынша, үкімет бұған дейін алып тастаған шектеу шараларын қайта енгізбейді. Оның сөзінше, үкіметтің стратегиясы – тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыру, кей жағдайларда тіпті міндеттеу.

«Арменияда 1500 науқаста ауру белгілері байқалса, шектеу режиміне қайта оралуға мәжбүр боламыз. Қазіргі уақытта 600 пациент медициналық көмекке зәру», - деп атап өтті Никол Пашинян.


Соңғы жаңалықтар