Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-директоры тұтқындалды

None
None
ЕРЕВАН. АРМЕНПРЕСС - ҚазАқпарат – Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы директоры, «Родина» партиясының көшбасшысы Артур Ванецян тұтқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.

Ванецянға 38-235 (қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын заңсыз сатып алу, сату, сақтау, тасымалдау және алып жүруге қатысу), 35-300 (мемлекеттік билікті басып алуға дайындық) және 35-305-баптар (мемлекеттік, саяси немесе қоғам қайраткерін өлтіруге дайындық) бойынша айып тағылды.

«Артур Ванецян ҰҚҚ Тексеру басқармасына шақырылды және сол жерде тұтқынға алынды», - деп мәлімдеді Ванецянның адвокаттары.

Соңғы жаңалықтар