Армения президенті Елбасына құттықтау хат жолдады

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Армения президенті Армен Саркисян Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты құттықтау сәлемдемесін жіберді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Армения президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген ауқымды реформалары мен барлық табыстары сіздің атыңызбен байланысты. Сіздің дана да көреген саясатыңыздың, күш-қуатыңыздың және жоғары кәсіби шеберлігіңіздің арқасында Қазақстан бүгінде саяси, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму жолында нық сеніммен қадам басып келеді және өңірлік және халықаралық істерде елеулі рөл атқаруда», - делінген сәлемдемеде.

Армения президенті Елбасының жан-жақты білімі мен адамгершілік қасиеттері алдағы уақытта да еліміздің одан әрі табысқа жетіп, дамуының кепілі болатынына сенімді.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғаннан, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннен, Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаровтан, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтен және басқа елдердің көшбасшыларынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау жеделхаттары мен хаттары келіп түскен болатын.


Соңғы жаңалықтар