Армения өз азаматын Уханнан эвакуациялауға көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдіреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Армения Сыртқы істер министрлігі Армения азаматын ҚХР-дағы Ухан қаласынан эвакуациялауға көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Армения СІМ-і Қытайдағы Ухан қаласында болған Армения Республикасының азаматы Сусанна Агаджанян Қазақстанға эвакуацияланғаны туралы айтты. Армения Республикасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Армения азаматшасын Қазақстанға эвакуациялау қазақстандық әріптестермен бірлесе жұмыс істеу нәтижесінде іске асқан.

«Қазақстандағы біздің әріптестермен бірлесе жұмыс атқарудың нәтижесінде Ухан қаласындағы Армения азаматшасы Сусанна Агаджанян Қазақстанға эвакуацияланды. Қазақстандық серіктестерімізге Арменияның өтінішін жерде қалдырмай, уақтылы назар аударып, қолдау білдіргендері үшін көп алғыс айтамыз», - деп жазды АР СІМ баспасөз хатшысы Анна Нагдалян.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының 83 азаматы Отанына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жедел медициналық көмек ұлттық үйлестіру орталығы арқылы жеткізілді, олардың 80-і Ухан қаласында оқып жатқан студенттер болды. Сонымен бірге Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы және Армения Республикасының билік органдарының өтініші бойынша ол мемлекеттердің азаматтары Ухан қаласынан эвакуацияланды.


Соңғы жаңалықтар