Арман Әсенов Түркі кинематографистері қауымдастығының атқарушы комитетіне мүше болды

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» киностудиясының президенті Арман Әсенов «Түркі әлемі кинематографистері қауымдастығы» атқарушы комитетінің мүшесі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудия сайтына сілтеме жасап.

17-19 желтоқсанның аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында Түркі әлімі киногерлері қауымдастығының конференциясы өтті. Бұл мәдени іс-шараға Қазақстанның атынан қатысқан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Арман Әсенов, «Қазақфильм» киностудиясының басқарушы директоры Қанат Төребай және танымал режиссер Рүстем Әбдірашев кино өндірісі саласында халықаралық қатынастарды дамыту мақсатында бірқатар келіссөздер жүргізді.

Кездесулер нәтижесінде Арман Әсенов «Түркі әлемі кинематографистері қауымдастығы» атқарушы комитетінің құрамына кірді. Жаңа мүшенің кандидатурасын енгізу туралы шешімді қауымдастық мүшелері бірауыздан қолдағанын айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар