Арқалықта бір мезетте 1000 домбырашы қазақ күйлерін орындады

Фото:
АРҚАЛЫҚ. ҚазАқпарат – Ұлттық домбыра күні және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Арқалық қаласында 1000 домбырашы бір мезетте қазақтың танымал күйлерін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық өнер дәріптелген шараға қалалық халық аспаптар оркестрі мен шаһар тұрғындары қатысты.

«Оркестр «Тепеңкөк», «Салкүрең» сияқты халық күйлерін, Құрманғазының «Балбырауын», Нұрхан Ахметбековтың «Жеңіс», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін нақышына келтіре орындады. Осы шараға дайындық барысында 700 адам қолына алғаш рет домбыра ұстаған», - деп мәлім етті Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Күй шерткендердің ең үлкені - 87 жастағы домбырашы болса, ең кішкентайы - 8 жастағы өнерпаз. Сондай-ақ, шара барысында бір әулеттің 22 мүшесі өнер көрсетті.

Видео авторы: Есбол Жатқанов


Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар