Арқалық политехникалық колледжінің директорына сот 7,8 млн теңге айыппұл салды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры қаржы жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімдігі Білім басқармасының «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры А.С. Оспановқа қатысты колледж оқытушыларының еңбекақысына қосымша ставкаларды негізсіз есептеу жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізді», делінген хабарламада.

6 қаңтарда Арқалық қалалық сотының үкімімен А.С. Оспанов бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 млн 864 мың 950 теңге сомасында айыппұл салынды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар