Арқалық қаласында 5 жасар қыз терезеден құлап көз жұмды

None
None
АРҚАЛЫҚ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында бір күнде екі бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға 31 тамыз күні болған.

«Сағат 13:30 шамасында Арқалық қаласында Маясов көшесіндегі тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2015 жылы туған қыз құлап кетті. Ол терезеге шығып, москит торын ұстап тұрған. Бұл уақытта баланың ата-анасы көрші бөлмеде жүрді. Алған жарақат салдарынан бала қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды» делінген ТЖД ақпаратында.

Осы күні Жітіқара қаласындағы шағын аудандардың бірінші 6-қабаттан 2007 жылы туған жасөспірім құлап кеткен.

Ол түрлі дене жарақатымен қалалық ауруханаға жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар