Әріптесіне қол көтерген Сарысу аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекқожаев қызметтік этиканы бұзғаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін instagram -да полиция қызметкері әріптесіне қол көтерген видеосы пайда болған еді.

Көп ұзамай ол Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекқожаев екендігі белгілі болған.

Аталған видеоға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлерінің тәртіптік жарғыдан тыс қарым-қатынас дерегін білдіретін бейне жарияланым анықталды. Бұл оқиға 2020 жылғы 4 маусымда Жамбыл облысының Сарысу аудандық полиция бөлімінде орын алған.

Аталған дерек бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеру жүргізілді. Қызметтік этиканы өрескел бұзғаны үшін Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекхожаев қызметінен босатылды»,-делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар