+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Архив қызметкерлері еңбекақысын көтеруге 2,8 млрд теңге қаралған

2020 жылғы 29 қараша 18:00
Бөлісіңіз:
Архив қызметкерлері еңбекақысын көтеруге 2,8 млрд теңге қаралған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру мен сақтауға қатысты атқарылатын шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет заманауи архив қызметін құруға ерекше назар аударып отыр. Осы бағыттағы мамандықтың мәртебесін көтеру үшін биылғы қаңтардан бастап 2 мыңнан астам архив қызметкерінің еңбекақысын көтердік. Республикалық архив қызметкерлерінің жалақысы - 50 пайызға, өңірлік архив қызметкерінің жалақысы - 35 пайызға өсті. Бұл мақсатқа 2020-2022 жылдардағы республикалық бюджеттен 2,8 млрд теңге қарастырылды» делінген Асқар Маминнің сенаторлардың депутаттық сауалына берген жауабында.

Үкімет басшысының айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесін құру жұмысы атқарылып жатыр.

Осы жүйені іске қосу мемлекеттік архивтердің жұмысын толықтай автоматтандыруға, еліміздің ұлттық архив қорының электронды құжаттарын ұзақ мерзімде сақтауға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT