Архимед Мұхамбетов жергілікті театр әртістерімен кездесті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына барып, ұжымды 20 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өнер ордасы 2000 жылдың 14 қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған болатын.

Бұл туралы өңір басшысы жергілікті актерлермен кездесу барысында да айтты.

Архимед Мұхамбетов пен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов театр жанындағы музейге бас сұқты.

Мұнда тарихи жәдігерлер мен театр тынысын көрсететін құнды мұралар сақталған.

«Осы уақыт ішінде театрдың шығармашылық ұжымы көрермендерін мазмұнды репертуарымен қуантып келеді. Әр жылдары республикалық, халықаралық фестивальдерге қатысып, ел аумағында және шетелдерде гастрольдік сапармен болып қайтты. Театр ұжымына алдағы уақытта да зор шығармашылық табыстар тілеймін!» - деді облыс басшысы.

Кездесу аясында Архимед Мұхамбетов театрға еңбегі сіңген әртістерге марапаттар тапсырды. Атап айтқанда, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі Мейрам Жапаров, Бақытжан Таңатқанұлы, Олжас Бегайдаров, Азамат Шүкеев, Гүлнар Шаймердиноваға,

«Еңбек ардагері» медалі Марғайша Сабыржановаға берілді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасын

Шахарбану Есенғұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатын Мөлдір

Құбаш, Нұрлыбек Кенжахметов, Бахыткүл Хамитқызы алды. Театрдың бірнеше қызметкеріне облыс әкімінің грамотасымен наградталды.

Сонымен қатар театр ұжымына гастрольдік сапарларды ұйымдастыру үшін автобус сатып алуға арналған сертификат тапсырылды.



Соңғы жаңалықтар