Архимед Мұхамбетов өңірдегі жол құрылысына түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі жол құрылысына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді көлік логистикасы саласына аздап тоқталамын, өйткені ол да қоғамның әл-ауқаты факторларының бірі болып отыр. 2020-2021 жылдары көлік инфрақұрылымына 112,5 млрд теңге жұмсалды (2018-2019 жылдары – 70,6 млрд теңге). Бұл 1000 шақырымнан астам (1074 шақырым) автожолды «298 шақырымы – республикалық маңызы бар, 776 шақырымы - жергілікті) және елді мекендердің 451 көшесін жөндеуге мүмкіндік берді», - деді А. Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, «Қостанай қаласына кіреберіс» автожолында көпір құрылысы (4,3 млрд теңге) ірі жобасын іске асыру аяқталып келеді. Осы жобаны іске асыру көпірге кіреберістердің техникалық сипаттамаларын 1-ші техникалық санатқа дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

«Жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78%», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар