Археологтар Ростов облысында Алтын орда кезеңіндегі монеталар көмбесін тапты

None
None
ДОНДАҒЫ РОСТОВ. ТАСС- ҚазАқпарат – Азов мұражай-қорығының археологтары XIV ғасырда Алтын орданың Азак қаласы орналасқан, қазіргі Ростов облысындағы Азов қаласы аумағында жүргізген қазба жұмыстары кезінде 32 орда монетасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне тарих ғылымдарының кандидаты, мұражайдың археология бөлімінің меңгерушісі Андрей Масловский баяндады.

«Жібек жейденің қиындысына оралған қазына табылды. Әзірге қазба жұмыстары Петров желекжолында жүргізілген (2019 жылы археологтар Азовтың орталығында көлемді қазба жұмыстарын жүргізген еді), реставраторлардың тазалауға талай уақыты кетті. Бірақ ең бастысы, бұл қазынаның Азак үшін дата бойынша жалғыз болып табылатынын айта кету керек», - деді ол археологтардың бұған дейін Азак аумағында ежелгі заманғы қазыналардың табылмағанын қосып.

Масловский Азактағы тас үйлердің жабынқышпен жабылғанын анықтауға мүмкіндік берген тағы бір олжаның үлкен қызығушылық тудырғанын атап өтті.

«Былтыр бұл тас ғимараттарды анықтау кезінде Азакта жабынқыш болғаны белгілі болды, бірақ Орта ғасырдағы жабынқыш екі түрлі еді – тегіс және жартылай дөңгелек науа түрінде. Басқа алтынордалық қалаларда да жабынқыш екі түрлі ғана болса, Азакта – тек науа ғана. Өткен жылы Азак шеберлерінің жабынқышты тек науадан ғана салу әдісін ойлап тапқанын түсіну мүмкін болған, бұл жаңалық сол уақыттың құрылысын айқындап отыр. Мұнда қамыс емес, жабынқыш шатыры болғаны анықталды», - деп атап өтті ғалым.


Соңғы жаңалықтар