Аргентинада жаңа президент сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аргентина президенттігіне оппозициялық үміткер Альберто Фернандес ел басшысы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Дауыс берушілердің 47,29% дауысын жинаған Альберто Фернандес правоцентристік күштердің өкілі, елдің қазіргі президенті Маурисио Макриден оза түсті. Сайлау барысында Макриге 41,30% дауыс берілген.

BBC News мәліметінше, сайлау күрделі экономикалық дағдарыс жағдайында өткен. Агенттіктің мәліметінше, Аргентина халқының үштен бір бөлігі кедейлік шегіне шығып отыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Альберто Фернандес жақтаушыларына бұрынғы президентпен жан-жақты ынтымақтастықта болатынын атап өтті.

Президент Макри «нөлдік кедейлікке» қол жеткізуге уәде бергенмен, ол елді басқарған төрт жыл ішінде жағдай одан сайын нашарлап кеткен.

Соңғы жаңалықтар