Аргентинада Қазақстандағы «Рухани жаңғыру» талқыланып жатыр - La Brújula онлайн басылымы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Росарио қаласындағы Сан Луис 2896 көшесінде орналасқан Қазақстан мәдени орталығында Қазақстандағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымы өтті. Бұл туралы аргентиналық La Brújula онлайн-басылымы жазды.

Қазақстанның Аргентинамен байланысы Росариодағы ҚР Құрметті консулы және Бразилиядағы Қазақстанның Елшілігі арқылы жүргізіліп жатыр. Кездесудің мақсаты Қазақстанды жаңғырту мәселелерін талқылау болды. Талқылауға Розарио заң шығарушы кеңесінің бұрынғы төрағасы Мигель Замарини және қаланың басқа да қайраткерлері қатысты.

«Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруге ұмтылып жатыр. Қазақстанда елді жаңғырту бойынша бірқатар шаралар - саяси, экономикалық реформалар, сондай-ақ рухани жаңғыру жүзеге асырылуда», - деді Аргентинадағы Қазақстанның Құрметті консулы Густаво Гутьеррес.

Росариодағы Қазақстан мәдени орталығының директоры Ирина Вагнердің пікірінше, «жаңғыру экологиямен, қоршаған ортаны сақтап келген ата-бабалардың мәдениетін құрметтеу арқылы үндестік табуы тиіс».

«Міне, сондықтан қоршаған ортаны қорғауға, жаңартылатын энергия көздеріне және «жасыл» энергияға бағытталған көптеген үкіметтік бағдарламалар бар», - деді ол.

Каса, Каза, Қазақстан ....

«Бұл жобаның не туралы екенін түсіну үшін, алдымен, аталмыш елдің өзімен танысу керек, себебі Қазақстан аргентиналық қоғамға кеңінен танылған емес. Қазақстан - жерінің көлемі бойынша әлемдегі  тоғызыншы мемлекет (жер көлемі 2 717 300 км2, халық саны 17 800 000 адам).  1991 жылы тәуелсіздігін алған Қазақстан қазіргі таңда бұрынғы кеңестік республикалардың арасында қарыштап дамып келе жатқан мемлекет саналады», - деп жазды басылым.

Үшінші жаңғыру қатысушылардың көзімен

«Даму туралы айтатын болсақ, мәдени сәйкестік маңызды болып табылады, өйткені ұсынылған жобаға сәйкес, «сәтті жаңғыртудың алғышарты - ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтау», - деп жазды La Brújula.

Мәдени өзгешелік пен оның икемділігі сәулетші Хорхе Скарпариннің назарын аудартты.

«Маған әлемге жақындау үшін әліпбиді ауыстыру сияқты ұзақмерзімді өзгерістер туралы ойлаған қызықты. Біздің елімізде де қысқамерзімді пікірлерді қалдырып, ұзақмерзімді болашақ туралы ойланғанымыз абзал», - деп қорытындылады сыртқы сауда саласының магистрі Микаэла Серра.

«Бұл азиялық елдегі ірі өзгерістер туралы білгісі келетін қала үшін жаңа тәжірибе болмақ. Ұлттық сәйкестігі, тілі, қоршаған ортаны қорғауы және өсу факторы ретінде адами капиталдың құндылығы - бұл дамудың негізі болатын тіректер болып табылады», деп түйіндеді La Brújula.

Аударманы ҚР СІМ ХАК ұсынды

Соңғы жаңалықтар