Ардагерлердің әлеуметтік мүдделерін қорғау саласында мәселелер реттелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Ардагерлер туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, жеп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында атап өтілгендей, «Ардагерлер туралы» заң жобасы ардагерлер санаттарын жүйелендіруге және оларды әлеуметтік қолдау шараларымен реттеуге бағытталған. Сонымен қатар, құжатта басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдары ардагерлерін дербес санатқа жатқызу көзделеді. Заң жобасын пысықтау барысында депутаттар бірқатар түзетулер енгізді. Біріншіден, жергілікті өкілді органдардың, ұйым басшыларының әлеуметтік қолдау мен жеңілдіктердің қосымша шараларын белгілейтін, сондай-ақ ардагерлер мен осы Заңның күші қолданылатын адамдарға материалдық және басқа да көмек түрлерін көрсету құқықтары наққтыланды», - деді Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Бейбіт Мамраев.

Сонымен қатар заң жобасының нормаларын Еңбек кодексіне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы» заңдарына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізілді.

Еске сала кетейік, биыл 1 сәуірде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Ардагерлер туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Сонымен қатар, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да екінші оқылымда мақұлданды.

Депутат Бейбіт Мамраев бұл құжат ардагерлер үшін әлеуметтік жеңілдіктер түрлерін анықтау мақсатында, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы «Ардагерлер туралы» заң жобасына сәйкес келтіру үшін әзірленгенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар