Ардагерлер ізімен: Төтенше жағдайлар саласының өкілдері тыл еңбеккерлерін құттықтады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жеңіс күні Қарағанды облысының Осакаров ауданының төтенше жағдайлар мен №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Екінші дүниежүзілік соғыстағы тыл еңбеккері және қызмет ардагері Василий Андреевич Хижнякқа барып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Василий Андреевич Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда әлі бала еді. Ауылда ересек ер адамдар болмады, барлығы Отан қорғау үшін майданға аттанды. Василий соғыстың алғашқы күндерінен бастап Зеренді ауданының Дорогеевка колхозында жұмыс істей бастады. Сол кезде 10 жастағы балаға екі бұқадан тұратын вагон сеніп тапсырылған, онда өзі қатарлас ұлдармен бірге жер жыртып, еңбек етті. Ол уақытта 1 күндік жұмыс 200 грамм астыққа тең болған. 1943 жылы Василийге комбайн астындағы астықты бұқалармен тасу тапсырылды.

Оның айтуынша, бұл сенім адал еңбектің арқасында болған. Таңның атысынан кештің батысына дейін жұмыс. Үйге қайтпай, шөпте жатып ұйықтаған. Аяқтарында аяқ киім болмағандықтан, бұқа терісінен посталдар тігіп киген. Ол күн сәулесінен ысып, аяқтарын қатты қысатын болған.

Василий Андреевичтің айтуынша, ұйқының шала болуына байланысты көбі жұмыста есін жоғалтатын. Еңбеккерлер көптен күткен Жеңіс күнін де жұмыста қарсы алды. Еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, еңбек ардагері атанды.

Соғыстан кейінгі жылдары Құрылыс және ауыл шаруашылығында механизатор, сондай-ақ әр түрлі салаларда жұмыс істеді.

Өрт күзетіне 1978 жылы келіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін 12 жылдан астам еңбек етті. «Өрт күзетінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қазан айында ардагер 90 жасқа толады, дегенмен ол қартайдым деп қарап отырмай, бау-бақшасын қарап, ауладағы барлық істерді өзі атқарады. Күніне 2-3 км жүрсе, жаз мезгілінде велосипедпен он шақырымнан аса алады.

«Еңбек – бәрін жеңбек» деген халық мақалын ұстанған ардагер жас ұрпаққа табандылық, шыдамдылық танытуға кеңес береді. Сондай-ақ жастарды Отанды сүюге, өз отбасы үшін жауапкершілік танытуға және халқымыздың барлық игі дәстүрлерін сақтауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар