Аралас жекпе-жек: Алтынбек Думанұлы чемпиондық белбеуін қорғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ММА жекпе-жек шебері Алтынбек Думанұлы «ABADANFC» чемпиондық белбеуін табысты қорғады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Алтынбек 29 сәуірде Қарағандыда өткен ММА халықаралық турнирі кешінің басты жекпе-жегінде бұрын жеңіліп көрмеген бразилиялық жекпе-жек шебері Джеферсон Де Оливейрамен күш сынасты.

Қазақстандық төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласын жеңіп, ABADAN FC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Осы кеште тағы бір қазақстандық жекпе-жек шебері Мырза Еркінбеков өзбек файтері Мухамеджон Каюмовты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Соңғы жаңалықтар