Арал теңізі күнінде 800 түп көшет егілді

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - 26 наурызда «Арал теңізі күніне» орай Қамыстыбас ауылдық округіндегі Қамбаш көлінің жағасында «Арал ғылыми-туристік» орталығында (Майшығыр) ағаш отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға өңір басшысының орынбасары Мерей Мейірбеков қатысты. Акция барысында 800 түп ағаш көшет егілді.

Еске сала кетсек, биыл «Арал теңізі күні» екінші рет атап өтілуде. Атаулы датаға орай облыс көлемінде іс-шаралар легі жалғасуда. 25 наурызда Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің маңында «Халықаралық Аралды құтқару күні» қарсаңында 800 түп алма ағашы мен үйеңкі отырғызылған еді.

Соңғы жаңалықтар