+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Арал маңында елсіз далада адасқан аңшы үш күннен соң табылды

2020 жылғы 30 қазан 12:22
Бөлісіңіз:
Арал маңында елсіз далада адасқан аңшы үш күннен соң табылды

АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылордада үш күн бұрын жоғалған 46 жастағы аңшы жігіт аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда баласын далаға тастап, қашып кеткен әйелге қылмыстық іс қозғалды БҚО-да қыстақтан шыққан тұрғын адасып кеткен Өскеменнен Қызылордаға келіп, қаңғыбас болып кеткен әйел аман-есен табылды

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 27 қазан күні Арал ауданына қарасты Қаратерең елді мекенінде үш адамнан тұратын аңшылар тобы құс атуға шыққан. Біршама уақыттан кейін Ақтөбе облысында тұратын 46 жастағы азамат жоғалып кеткен. Достары оны өз бетінше іздеуге тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Келесі күні де ер адамды табу мүмкін болмаған. Ал 29 қазанда іздеу жұмыстарына Қызылорда облысы Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағынан, жергілікті полициядан және аудан әкімдігінен мамандар жұмылдырылды. Дегенмен ол өз нәтижесін берген жоқ.

Бұл шара бүгін де жалғасты. Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағы «Көкарал» плотинасынан 30 шақырым әрі қарай іздеу шараларын аңшылар тобымен қолға алды.

«Нәтижесінде сағат 8.45-те жоғалған азаматтың табылғаны туралы хабар түсті. Оны аңшылар тауып алып, құтқарушыларға хабар берді. Ол аңшылар тұрағынан 8 шақырымға ұзап кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жолдан адасқан аңшыға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетті», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT