Арал ауданына жыл басынан 8,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданына жыл басынан бері 8,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл аудан бюджетінің нақтылаған жалпы түсімдері 20,7 млрд теңгені құрады. Бұл – аудан қазынасының өскенінің дәлелі. Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 11,3 млрд теңгенің өнімін өндірген. Аудан бойынша 542 612 тонна тұз, 2 803 тонна балық, 209 тонна ет, 847 тонна нан және ұн өнімдері шығарылды.

«Ауданда «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1379 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын 9 жоба жүзеге асуда. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында 30 жас маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы алу үшін арнайы қаржы қарастырылды. Ауданда бағаны тұрақтандыру мәселесі де басты назарда. Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік бағаларына моноторинг тұрақты жүргізілуде. Азық-түлік тауарларын жеткізетін жеке кәсіпкерлермен жыл сайын ынтымақтастық меморандум жасалып тұрады», - деді Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов.

Айта кету керек, келер жылы азық-түлік тауарларын өндіру бойынша 9 жоба жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, олардың қатарында сүт өнімдері, макарон, жартылай фабрикат (кеспе, жайма), құрғатылған жемістер, 2 жылыжай бар.

Еске салсақ, Қызылорда облысында тіректі елді мекендерді газға қосу қарқынды жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар