+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Әр жолаушыны жіті тексеру індеттің жаңа легін қалаға кіргізбеуге мүмкіндік береді

2020 жылғы 25 наурыз 12:32
Бөлісіңіз:
Әр жолаушыны жіті тексеру індеттің жаңа легін қалаға кіргізбеуге мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген әуе жолаушылары келісімен стационар етіп қайта жабдықталған қонақүйлерге жеткізіледі. Олар коронавирусқа тексерген қала әкімдігіне алғысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері 16 рейспен жұмыс істеп жатыр. Бұл шамамен 1300 адам. 1200-ге жуық адам сараптама нәтижесін алды.

Азаматтар екі апта бойы үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады.

«Елордада азаматтарды қай елден келгеніне қарамастан барлығын тексеріп жатқаны дұрыс болды. Сараптамадан өтіп қана біз өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығы үшін сенімді боламыз. Балаларым мен немерелерімнің бұл індетке шалдыққанын қаламаймын», - деді Сергей Кравченко.

Алынған 1200 нәтиженің ішінен бір жолаушыдан коронавирус анықталды.

Дәрігер атап өткендей, әрбір жолаушыны тексеру арқылы қалаға вирустың жаңа легін кіргізіп алмауға және науқасты дер кезінде ауруханаға жатқызып, барлық қажетті медициналық көмекті көрсету мүмкін болып отыр.







Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT