Аптап ыстық, қатты жел, өткінші жаңбыр - дүйсенбі күнгі ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбіде елімізде қатты ыстық болады, жел күшейіп, кей өңірлерде өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17 мамырда Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер ететіндіктен, күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, орталық және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде, оңтүстік және оңтүстік-батыста жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысында, Маңғыстау облысында таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Түркістан облысында екпіні 25 м/с жетеді. Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында, күндіз Атырау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жрқылдайды.

Күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай, оңтүстік Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар