Апатқа ұшыраған «Прогресс» ХҒС-тағы экипажға тіршілікке қажетті заттарды жеткізуі тиіс болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні «Союз-У» зымыран-тасығышы Халықаралық ғарыш стансысына «Прогресс-МС-04» жүк кемесін жеткізе алмады.

Кеменің қозғалысы 382-інші секундта тоқтап, біршама уақыттан кейін ауада жанып үлгермеген сынықтар Тува Республикасының аумағына құлады. «Роскосмос» пен  NASA ғарыш кемесінің құлауы экипажға кері әсерін тигізбейтіндігіне сендіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Апат себебін арнайы комиссия анықтайтын болады. "Ъ" дерегі бойынша, апат  РД-0110 үшінші сатыдағы қозғалтқыштың жану камерасының уақытынан бұрын ашылуынан  болуы мүмкін.

«Прогресс» Халықаралық ғарыш стансысына жанармай, су және тығыздалған газ, азық-түлік салынған контейнерлер, киімдер, сондай-ақ жаңажылдық дастарханға арналған бірнеше келі жеміс-жидек жеткізуі тиіс болған. Жүк кемесінің апатқа ұшырауы Халықаралық ғарыш стансысының қалыпты жұмысына және экипаждың тіршілігіне кері әсерін тигізбейді», - деп сендіруде мемлекеттік корпорация NASA-ның растауымен.

«Роскосмос» бас директорының орынбасары Александр Иванов бастаған мемлекеттік комиссия оқиғаның себебін анықтауда. 

Соңғы жаңалықтар