+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

АӨК өңделген өнім экспорты екі есеге артады – Ауыл шаруашылығы министрлігі

2020 жылғы 25 қараша 23:07
Бөлісіңіз:
АӨК өңделген өнім экспорты екі есеге артады – Ауыл шаруашылығы министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеннің өңделген өнім экспортын екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.Бұл туралы IX Азаматтық форумда министр Сапархан Омаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жолдауында министрлікке бірқатар тапсырмалар берілді, оларды шешу агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жаңа серпін береді. Негізгі міндеттердің бірі – агроөнеркәсіптік кешеннің өңделген өнім экспортын екі есеге ұлғайту. Ұлттық жоба әзірлеу аясында ауыл шаруашылығы және қайта өңделген өнім экспортын ұлғайту мәселелері талқыланады», - деді министр.

Оның айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесінің жанынан агрокөшбасшылар тобы құрылды. Олар конкурстық негізде сарапшыларды таңдады. Бұл сарапшылар Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, экспортты ұлғайту жөніндегі өз пікірлерін әзірлеп жатыр.

«Жыл соңына дейін құжат тұжырымдамасын әзірлеп, талқылауға шығарамыз деп ойлаймын. Құжаттың драфты дайын тұр, онда экспорт бойынша барлық проблемалық мәселелер көрсетілген. Оның қандай шешімдері бар, қай елдерге экспорт көлемін ұлғайту қажет, қандай өнімдер бойынша әлеует бар – бұл мәселелер Ауыл шаруашылығы министрлігіне ғана емес, барлық мемлекеттік органдарға қатысты. Аталған құжат Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешен бойынша соңғы он жылдық қызметіне жасалған талдау негізінде дайындалады. Құжат дайын болған соң, талқылауға шығарып, қоғамдық кеңестердің қарауына береміз», - деді Сапархан Омаров.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT