Анықтама ұсынбаған қазақстандықтар ұшаққа отырғызылмайды - қаулы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес енді анықтама ұсынбаған жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Анықтама ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді», - делінген қаулы мәтінінде.

Қаулы 14 сәуірден бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, жаңа қаулы жарияланғанын және вакциналау бригадаларының күнделікті жүктемесі 300 екпеден аспауы керек екендігі хабарладық.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.


Соңғы жаңалықтар