Әнуар Садықұлов Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті болып сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әнуар Садықұлов Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада өтіп жатқан Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының ІІ конгресінде ұйымның іс басындағы президенті Кәрім Мәсімов өз орнына Әнуар Садықұловтың кандидатурасын ұсынып, ол қауымдастыққа мүше 22 федерация өкілдері тарапынан қолдауға ие болған еді.

«Маған артқан сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Алға қойылған міндеттерді бірлесіп қана орындай аламыз деп ойлаймын. Біздің қауымдастық ең алдымен бұқаралық спортты дамыту, жастарды тәрбиелеу үшін құрылған», - деді қауымдастықтың жаңа президенті.






Соңғы жаңалықтар