Әнуар Ахметжанов ҚР Цифрлық даму министрінің бірінші орынбасары болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің Қауылысымен Ахметжанов Әнуар Мұратұлы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әнуар Ахметжанов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2000 жылы Джонс Хопкинс университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика және сыртқы экономикалық қызмет кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

Әр жылдары «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖАҚ, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС жұмыс істеді.

2012-2016 жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және өңірлік ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

2016-2019 жж. — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 ж. — ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 жылдың тамыз айынан бастап қазірге дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Әнуар Ахметжанов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған болатын.




Соңғы жаңалықтар