Антарктидада қардың еруі күшейіп барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Антарктидада тіркелген жоғары температураға байланысты Игл аралында қар жамылғысының 20%-ға жуығы еріп кетті, деп хабарлайды CNN.

NASA ұсынған жаңа спутник суреттерінде Игл аралының (Антарктида түбегінің солтүстік-шығысында орналасқан) 2020 жылдың ақпанында тіркелген Антарктидадағы ыстық басталған және аяқталған уақыттағы бейнесі жарияланды. Тоғыз күннің ішінде бұл аралда жалпы маусымда жиналған қардың 20%-ы еріген.

«Антарктидада бұлай ешқашан тез еріген емес. Қар мен мұздың бұлай еруі бұрын Аляска мен Гренландияда байқалған еді, бірақ Антарктидада емес», - деп атап өтті америкалық геолог Маури Пелто.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 9 ақпанда Сеймур аралында температура 20,75 градус жылылықты көрсетіп, рекорд орнатқан еді.


Соңғы жаңалықтар