Анталияға Украина, Қазақстан және Молдовадан баратын туристер саны көбейді

None
None
АНТАЛИЯ. Анадолы-ҚазАқпарат – Пандемияға қарамастан, 2020 жылдың қазан айында Түркияның Анталиясына Украина, Қазақстан және Молдовадан баратын туристер ағыны өткен жылдың осы айымен салыстырғанда біршама өскен. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қауіпсіз туризм» бағдарламасының арқасында түріктің Анталиясы өзін әлем бойынша демалыстың қауіпсіз бағыты ретінде танытты.

Түркияның «туристік астанасының» көптеген қонақүй кешені 150 түрлі санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін «Салауатты туризм» сертификатын алған, бұл өз кезегінде шетелден келетін туристер санының өсуіне септігін тигізді.

Пандемияға байланысты Анталиядағы туристік маусым биыл әдеттегіден кеш басталған, алайда оған қарамастан бірқатар елдерден ағылған туристер санының өсімі тіркелді.

Бір ғана қазан айында Анталияға демалуға 700 900 қонақ келді.

Украинадан келген туристер саны 102 117 адамды құраған. Былтырғы жылдың қазан айында бұл көрсеткіш 72 474 адам болған еді.

Өткен айда Қазақстаннан Анталияға демалуға барған қазақстандықтар саны – 7 130 адам. Ал 2019 жылдың қазан айында Қазақстаннан 6668 турист барған.

Сондай-ақ, Молдова елінен баратын туристер саны айтарлықтай өскен. Биылғы қазанда 5880 адам барса, өткен жылдың осы айында 3574 турист демалып келген еді.


Соңғы жаңалықтар