Әнші және полицей: Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген және ньюйорктік тәртіп сақшысы Димаш Ниязов Нью-Йоркте жолықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайбергенді АҚШ-тағы алғашқы жеке концертімен құттықтаймын! Димаш күш!» , - деп жазды отандасымыз Димаш Ниязов өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті аншлагпен өтті. Онда Димаш «Дайдидау» әнін орындаған сәтте көрермен орындарынан тұрып, бірге шырқады. Көздеріне жас алғандардың да қатары мол болды.

Соңғы жаңалықтар