Анкарада Қазақстан Президентінің халыққа жолдауы талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Анкараның АНКАСАМ зерттеу орталығының ұйымдастырған жиынында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауына қатысты «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы: жүйелі реформаларды жалғасы» тақырыбында баяндама жасады.

Жиынға Мехмет Сейфеттин Эрол бастаған АНКАСАМ ұжымы мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында сөз сөйлеген АНКАСАМ зерттеу орталығының басшысы профессор док. Мехмет Сейфеттин Эрол, Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық одан әрі жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Түрік әлемінің болашақта кең географияда маңызды рөл атқаратынына назар аударған Эрол: «Мықты Қазақстан - мықты түрік әлемі. Ол күш түрік әлемінің геосаясатының тірегі. Анкара-Нұр Сұлтан осы геосаясаттың негізгі осін құрайды» деді.

Аталған жиынға қатысты Түркияның ақпараттық құралдарында бірақатар жаңалық жарық көрді.


Соңғы жаңалықтар