Анкарада «15 шілдедегі» оқиғаларға арналған еске алу іс-шаралары басталды

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Анкарада Әділеттік және даму партиясының (ӘДП) бас кеңсесінде салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды Түркиядағы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кешке шақырылған қонақтармен Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған кездесті. Ол мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырушылардың әрекетін сынға алды.

Еске салайық, бір жыл бұрын 15 шілдеде Түркияның қазіргі президентінің қарсыластары мемлекеттік төңкеріс жасап, оның соңы қазіргі биліктің жеңісімен аяқталды.

Түрік президенті еске алу іс-шараларын өткізуге байланысты алдағы күндерге жоспарланған бағдарламалар туралы айтып өтті.

Соның ішінде, Эрдоған мешітте намаз оқу, адам құқығына арналған ескерткіш мемориалдың ашылуы мен марқұмдардың құрметіне 81 провинцияда қайырымдылық кешін өткізуді атап өтті.

Эрдоған өз сөзінде болған оқиғалар кезінде биліктегі Әділеттік және даму партиясының ерекше орын алғандығын атап өтті.

Кеш соңында қонақтарға «15 шілде» айтулы күніне арналған деректі фильм көрсетілді. 

Соңғы жаңалықтар