Андрей Кортунов әлемдік ұжымдық қауіпсіздікті құрудағы үш проблеманы атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік ұжымдық қауіпсіздік құруға кедергі келтіретін 3 негізгі проблема бар. Бұл туралы Астана клубының 6-отырысында Ресей халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз әлемдік ұжымдық қауіпсіздік құру бағытында ойланып та отырған жоқпыз. Меніңше, оның негізгі үш проблемасы бар және ол кедергі келтіріп отыр. Біріншіден, біздің алдымызда тұрған ортақ күнтәртібі жоқ. Халықаралық жүйе эволюциясының бағыттары айқындалмаған. Заңды не заңсыз, дұрыс не бұрыс деген сияқты тұжырымдамалар өте көмескі. Яғни, ортақ ұстаным болмаса, онда ұжымдық қауіпсіздік құру, оның тұжырымдамасын әзірлеу мүмкін емес», - деді ол.

Оның атап өтуінше, екінші проблема мемлекеттердің арасында сенім жоқ. Демек, мемлекеттер, әсіресе ірі державалар бір-біріне сенбейді. Ал бұл ұжымдық қауіпсіздікке барар жолдағы үлкен кедергі саналады.

«Өйткені, ұжымдық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін мемлекеттер өздеріне белгілі бір міндеттемелер алуы керек және ол міндеттемелерді орындау үшін бір-біріне сенуі қажет. Басқа тараптың да сол міндеттемені орындайтындығына көзі жетуі тиіс. Үшінші проблема, бізде институттар тұрғысынан белгілі бір деңгейдегі шашыраңқылық байқалады. Халықаралық, өңірлік, әлемдік деңгейдегі институттарда үлкен бюрократияға негізделген сатылар бар. Мемлекеттер де мұндай агенттіктерге, халықаралық ұйымдарға күмәнмен қарайды. Демек, бұл институттар қоғам сенімін ақтай алмады», - деді Андрей Кортунов.


Соңғы жаңалықтар