Анар Жайылғанова журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді.

Мемлекет басшысы бүгінгі құттықтауында атап өткендей, жаһандық тұрақсыздық, атап айтқанда, пандемияға қарсы күрес кезеңінде сіздердің қызметтеріңіз ерекше маңызға ие.

Журналист болу құрметті және жауапты міндет. Әрқашан жаңашылдықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы қатарында жүретін қызметтеріңіз құрметке лайық!

Сіздер еліміздің мемлекеттік қызмет саласындағы іске асырылып жатқан маңызды жобалар мен бастамаларды ақпараттындыру жұмысына, азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін нығайтуға қосқан үлестеріңізбен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, қызметтеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін!»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар