Анар Жаилғанова: 25 жыл ішінде Қазақстан Конституциясы өзінің жоғары тиімділігін көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Бүгін біз жасампаздық пен прогрестің берік кепілі болып табылатын Ата Заңымыздың 25 жылдығын атап өтудеміз.

25 жыл ішінде Қазақстан Конституциясы өзінің жоғары тиімділігін көрсетті, бейбітшілікті, келісім мен гүлденуді, елдің үдемелі дамуын, қазақстандықтардың әл-ауқатының артуын, жас және болашаққа ұмтылған мемлекетке деген сенім мен сыйластықтың өсуін қамтамасыз етті.

Ата Заңымызда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қалыптастырудың негізгі аспектілері қамтылды және Конституциямыз қазақстандық мемлекеттіліктің берік іргетасына айналды.

Еліміздің қолданыстағы Конституциясы көп жылғы ұжымдық еңбектің нәтижесі, оның бастауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор, Елбасы сол қиын кезеңде айналасында миллиондаған қазақстандықтарды біріктіріп, Негізгі Заңның жобасын әзірлеу кезінде идеялардың генераторы бола білді.

Елбасының стратегиялық бағытын жалғастыра отырып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ демократиялық қағидаттарды одан әрі нығайтуды, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуді қамтамасыз етуде.

Бүгін біз еліміздің Негізгі заңының ережелерін сақтай отырып, еркін еңбек етуге, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге мүмкіндігіміз бар. Біз ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен бірлікке негізделген Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген жетістіктерді мақтан тұтамыз.

Барша қазақстандықтардың отбасына денсаулық, береке-бірлік тілеймін! Еліміз өркендей берсін!»- деп жазды Анар Жаилғанова әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасында.


Соңғы жаңалықтар