+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Аналарың жақында келеді: Ирактан оралған сәбилерді тәрбиешілер қалай жұбатады

2019 жылғы 9 желтоқсан 14:09
Бөлісіңіз:
Аналарың жақында келеді: Ирактан оралған сәбилерді тәрбиешілер қалай жұбатады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының директоры Бибігүл Такисова Ирактан жеткізілген балаларды бейімдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар бастапқыда бұл жерге келген кезде жылауық, қорқақ болатын. Қазір балалар біршама бейімделіп қалды, көңілдері көтерілді. Олармен психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, тәрбиешілер жұмыс істе жатыр. Балалардың жағдайы жақсы, тұйық, бұйығы болудан арылды. Алғашында кішкентайлары ересектеріне жабысып алатын. Ал қазір тәрбиешілерді құшақтайды, сүйеді еркін араласа алады», - деді ол.

Орталық басшысы балалар күндіз ойынға алданғанымен түнде ұйықтар алдында аналарын іздейтіндігін айтады.

«Күндіз ойынның қызығына берілетіндіктен аналарын іздей қоймайды. Ал түнде аналарын еске алады. Біз оларды жұбатып, аналарының жақын арада келетіндігін айтып алдаусыратамыз», - деді Б.Такисова.

Орталық психологы Айбек Қылышбек те балалардың алғаш келген кезде тұйық болғандығын айтты.

«Ең алғаш келгенді балалар бір-бірімен ажырамайтын. Бөлектей бастасаң жылайтын. Ал қазір бір-бірінен ажыратсаң да өздерін жайлы сезінеді. Бастапқы кезде балалар сурет салғанда күңгірт түстерді қолданса, қазір түрлі-түске әуестеніп келеді. Бір байқағаным, балалар шатыры жоқ үйлер салатын. Ал бұл Иракқа тән дүние. Қазір «Бәйтеректі» және басқа да түрлі-түсті суреттер салады», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін ҚР Білім және ғылым министрінің балалар құқығы жөніндегі кеңесшісі Райса Шер Нұр-Сұлтан қаласының қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында Ирактан жеткізілген балалардың жай-күйін БАҚ өкілдеріне таныстырған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT