Амстердамда 100-ден астам адам рұқсат етілмеген наразылық акциясында ұсталды

None
None
АМСТЕРДАМ. ҚазАқпарат – Голландтық құқық қорғау органдары Амстердамда рұқсат етілмеген наразылық акциясына қатысқан 115 адамды ұстаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нидераланды телерадиохабар тарату корпорациясына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, полиция қызметкерлеріне күш көрсеткені үшін жеті адам қамалса, қалғандары тәртіп сақшыларының нұсқауларына бағынудан бас тартқаны үшін ұсталған.

Бұған дейін муниципалитет демонстрацияға тыйым салған болатын. Соған қарамастан 2 мыңға жуық адам әлі де ел үкіметінің іс-әрекеттеріне және ұлттық биліктің коронавирус пандемиясына қарсы саясатына байланысты наразылық білдіру үшін қаланың Музей алаңына жиналды. Олардың көпшілігі бір-бірінен 1,5 м қашықтықты сақтамаған, маска тақпаған.

Амстердам муниципалитеті адамдардан алаңнан кетуді талап ететін шұғыл бұйрық шығарды. Алайда кейбір демонстранттар бұл талапты орындаудан бас тартқан, осыған байланысты полиция күш қолданып, суатқышты пайдаланған. Қала билігі атап өткендей, наразылық білдірушілердің арасында шамамен 200-250 адамнан тұратын топ болған, олар қарсыласып, полицияға тас лақтырған. Олардың кейбіреулерінде жауынгерлік қолғап пен суық қару болған.


Соңғы жаңалықтар