+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Амфан циклоны: Үндістан мен Бангладеште 84 адам қаза тапты

2020 жылғы 22 мамыр 10:10
Бөлісіңіз:
Амфан циклоны: Үндістан мен Бангладеште 84 адам қаза тапты

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Қуаты күшті Амфан циклоны Үндістанның Калькутта қаласын қиратып, салдарынан Үндістан мен Бангладеште кем дегенде 84 адам қаза тапты. Бұл туралы ВВС агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Сәрсенбі күні циклон Үндістанның жағалау маңындағы аудандарын жапырған. Циклон солтүстік бағыт, Бутан мемлекеті жағына қарай өтіп, біртіндеп әлсіреп келеді.

Табиғи апат салдарынан мыңдаған ағаш тамырымен жұлынған, электр сымдарының бағаналары қирады, үйлер толық жойылған.

Калькуттадағы жолдардың көбін су басты, 14 миллион адам жарықсыз отыр.

Амфан – Бенгал шығанағында 1999 жылдан бері қалыптасқан алғашқы суперциклон.

Халықты құтқарып, олардың мүлігін сақтап қалу іс-қимылдарына елде коронавирустың таралуына қарсы күрес едәуір қиындық келтіріп отыр.

Зілзаладан Үндістанда кем дегенде - 72 адам, Бангладеште – 12 адам қаза тапқаны туралы хабарланған.

Еске сала кетсек, 2007 жылы Бангладеште Сидр циклоны болып, салдарынан 3500-ға жуық адам мерт болған еді. Ал 1999 жылы Үндістанның Одиша штатында Амфанға ұқсас суперциклон 10 мыңнан астам адамның өмірін қиып кетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT