Американдық боксшы Головкиннің промоутерін мақтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық боксшы Джамель Херринг (15-1, 8 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Лёффлерді өз міндетін жақсы орындайды деп мақтады.

«Промоутерлерінің арқасында танымалдылыққа ие болған топ-боксшыларды мыналар деп атауға болады: Канело, Кроуфорд, Брук, Головкин, Джошуа. Промоутерлер маңызды рөл атқарады, сондай-ақ бокс нарығындағы жағдайды түсіне білу керек», - деп жазды Херринг твиттерге.

Сонымен қатар, басқа қолданушылар Херрингпен келіспейтіндерін, Головкин секілді боксшысы бар Лёффлердің GGG айқасын АҚШ кабельдік телеарналарынан тікелей трансляция беріп отыруға мүмкіндігі барын атап өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Соңғы жаңалықтар