Америкалық жетекші венчурлық қор қазақстандық стартаптарды инвестициялайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сан-Францискода «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «QazTech Ventures» АҚ және «500 Startups» АҚШ-тың жетекші венчурлық қоры «QazTech Ventures» АҚ-ның V Жаһандық қорға қосылуы туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжаттарға «QazTech Ventures» басшысы Жандос Шаймарданов пен «500 Startups» бас партнері Тим Чае қол қойды.

Қол қою рәсімі 10 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа сапары аясында өтті. Қазақстандық делегацияның құрамында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов болды.

Келісім қазақстандық стартап-жобаларды одан әрі қаржыландыра отырып, 10 млн доллар сомасына V Жаһандық қорға «Qazaq Ventures»-тің қатысуын көздейді. Қордың жалпы көлемі 150 млн АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ, «500 Startups» қоры «QazTech Ventures»-пен Қазақстанға назар аудара отырып, жеке тақырыптық қор құру бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытады.

«Құжаттар пакетіне қол қою оң нәтижелерге әкеледі деп санаймыз. Атап айтқанда, жетекші венчурлық компанияның қазақстандық жобаларға инвестициялары еліміздің венчурлық нарығының тартымдылығын арттырады және басқа да басты компанияларды тартады. Сонымен қатар, қазақстандық жобалар халықаралық жеделдету және озық біліктіліктер мен тәжірибелерге қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады», - деді «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов.

«500 Startups» 2010 жылы Силикон алқабында құрылды. Компания 21 қор құрды, оның ішінде дүниежүзіндегі стартап жобаларға инвестиция салатын бес жаһандық қор, әлемнің жекелеген аймақтарына бағытталған 15 тақырыптық қор. «500» тақырыптық қорлары Сингапур, Таиланд, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Жапония, Израиль, Таяу Шығыс елдері, Түркия, Бразилия, Мексика, Канада және басқа да елдерге мақсатты түрде қаражат салады.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы бойынша мақсаттарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты. Холдинг құрамына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.

«Qazaq Ventures» АҚ венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және технологиялық консалтинг құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін құрылды. Qazaq Ventures «Бәйтерек» ҰБХ « АҚ құрамына кіреді»

Соңғы жаңалықтар