Америкалық сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымдағы 1 жылдық қызметіне баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америкалық жетекші сарапшылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымдағы 1 жылдық қызметіне жоғары бағаларын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Халықаралық салық және инвестициялар орталығының орталығының президенті Даниэль Витт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын екінші ел Президент сайлауының 1 жылдығымен құттықтады.


«Мен үшін осынау тарихи сайлауға тәуелсіз байқаушы ретінде қатысу зор мәрте әрі үлкен жауапкершілік болды. Бұл сіздердің республикаларыңыздың демократия және саяси түрлену жолындағы тағы бір қадамы еді. Сіздердің саяси және мемлекеттік басқару жүйедегі реформаларыңыз Қазақстандығы демокртатия болашағы құрылысының кірпіші саналады», - деді ол.

Америкалық тарихшы, экономист, халықаралық қатынастар және әскери стратегияжөніндегі маман Эдвард Люттвак Қасым-Жомарт Кемелұлына жоғары білімді, еңбекқор, әділ, саясаткер ретіндегі мансаб жолын өзі қалыптастырған саяси тұлға деп баға береді.

«Президент Тоқаевты ұлы мәдениетті адамы ретінде құттықтайтындығыма қуаныштымын», - деді америкалық тарихшы.

Америкалық саясаттанушы әріжурналист, қауіпсіздік саласындағы халықаралық қатынастар бойынша маман Ариэль Коэнда Қазақстан Президентінің 1 жылда атқарған жұмыстарына жоғары баға береді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев COVID пен экономикалық дағдарыс проблемаға толы дәуірде бұрынғы Президент негізін қалаған ең маңызды билік транзитін табысты жүзеге асырып отыр. Мемлекет дамуының жаңа векторы қоғам идеологиясымен, пікір алуандығымен және көзарас сан түрлігімен астасып жатыр. Елге мемлекеттіктіңбарлық мұрасын жете түсінетін, Қазақстанда одан ары дамытуда түбегейлі пайымы бар көшбасшы басқарып отыр», деді ол.

Орталық Азия және кавказ институтының негізін қалаушы және төрағасы, АҚШ-тың үш Президентінің Ресей және Еуразия бойынша кеңесшісі болған Фредерик Старр Қазақстан Президентіне стратегиялық ойшыл деген баға береді.

«Президент Тоқаев тиімді мемлекет жайында сөз қозғап, өзісін әділ әрі дұрыс атқарып жатыр. Өте тәжірибелі, тілді жетік біледі және шетелдегі адамдарды таниды. Ол ақылға қонымсыз жобаларға ұмтылмайды, ол стратегиялық ойшыл. Ол өзелінің мүддесін нық қорғайды. Ол Қазақстан егемендігін құрметтейді, бағалайды және қадір тұтады, оның ОРталық Азиядағы өте маңызды рөлін түсінеді. Мемлекет басшысының ұзақ жылдар бойы бақытты, табысты әрі өнімді ел басқаруына тілектеспін», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар