Америкалық Емельяненконы бір минут ішінде нокаутқа түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы Мэтт Митрион Федор Емельяненконы бірінші раундта нокаутқа түсірді. Ресейлік жекпе-жек өнерінің шебері қарсыласына тегеуірін көрсете алмады, деп жазады Росбалт.

Судьяларға жекпе-жекті бірінші раундта тоқтатуға тура келген. Қарсылыстар айқасты ақырындап бастап, кейін қатты соққы алмасқан және тепе-теңдікті сақтай алмаған. Митрионның соққысы жақ сүйегіне тисе, Емельяненко қарсыласының иығына соққы жіберді. Ресейлік спортшы есеңгіреп қалады. Осылайша, америкалық боксшы Емельяненконы техникалық нокаутпен жеңді.

Митрион бұған дейін Карл Семанутаф пен Оли Томпсонды жеңген болатын. Ал Емельяненко әлемге танымал Belator бәсекесіне алғаш рет қатысып отыр.  

Соңғы жаңалықтар