Америка әншісі мәнерлеп сырғанаған атыраулық оқушыға қолдау білдірді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мұз үстінде мәнерлеп сырғанаған 10-сынып оқушысына америкалық әнші қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін атыраулық оқушы Нұрали Бектеміровтің Каспий теңізіндегі мұз үстінде мәнерлеп сырғанағанын хабарлаған едік.

Нұрали Бектеміровтің мәнерлеп сырғанағаны түсірілген видеоны әлеуметтік желіден америкалық әнші Зак Грэй де көрген.

Ол аталған видеоны өз парақшасына жүктеген.

«Спорт – денсаулық кепілі. Бала кезімнен спортқа бейіммін, 5-сыныптан бері түрлі шараға белсене қатысып келемін. Әсіресе, коньки тебуге, хоккей ойнауға қызығамын. Ағам Әди өзі түсірген видеоға АҚШ әншісі Зак Грэйдің әнін қолданған еді. Америкалық орындаушы «Осындай тамаша туындыға менің әнім қойылғанына қуаныштымын» деп пікірін білдіріпті», - дейді Нұрали Бектеміров.

Аталған видеоны көрген Зак Грэй журналистерге берген сұхбатында атыраулық оқушы мен ағасына қолдау білдіріп, алғыс айтқан.

Алдағы уақытта Қазақстанға келетін ойы бар екенін де жеткізген.


Соңғы жаңалықтар