Амандық Баталов жұмыстан қуған шенеунік кетпейтін болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «демагог» деп атап, жұмыстан қуған шенеунік өз қызметінде қалатын болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол арыз жазбады. Есеп беру кездесуінен кейін, көпбалалы аналар бізге хабарласып, өтініш айтты. «Бір тұрғынның арызы бүкіл халықтың пікірі емес» деді. Аналар әлеуметтік желілерге және облыс әкіміне жеке-жеке хат жазып, қала орынбасарын орнында қалдыруды сұрады. Тұрғындардың пікірінше, Қалиасқаров көпбалалы аналармен жақсы жұмыс істейді. Осыған байланысты оны жұмыс орнында қалдыру туралы шешім қабылданды, бірақ бұдан былай ешкім оның жұмысына шағымданбауы үшін оған ескерту жасалды», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, кеше облыс әкімінің есебі аяқталғаннан кейін талдықорғандық тұрғын Ляззат Құдайберген Амандық Баталовқа шағымын жеткізген болатын. Амандық Баталовтың Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровты не себепті «демагог» деп атағанын сілтемені басып, оқи аласыздар.


Соңғы жаңалықтар