Амандық Баталов: Өңір тұрғындарының проблемасын шешуде WhatsApp-тың көмегі зор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңір тұрғындарының проблемасын шешуде WhatsApp желісінің көмегі көп екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желіде үнемі отырып, бірдеңе жазуға немесе салуға уақытым да жоқ. Баспасөз қызметіміз бар. Олар жақсы жұмыс істейді. Олар ақпараттарды маған таңдап беріп отырады және оны жұмысымда қолданамын. WhatsApp желісі өте жақсы болды. Жаңылмасам, ұялы телефонымның нөмірін 25-27 жыл бойы өзгерткен емеспін. Өңірдің кез келген тұрғыны маған жазып тұрады. Оларға жауап беріп отырамын», - деді Амандық Баталов «Хабар» телеарнасындағы «Ұлттық мүдде» бағдарламасына берген сұхбатында.

Облыс басшысы WhatsApp хат жазған тұрғындардың прблемасын шешуге үнемі күш салатындығын баса айтты.

«Ал әлеуметтік желіде үнемі отыруға уақыт болмайды, қызығушылығым да жоқ. Дегенмен, анда-санда Facebook, Instagram әлеуметтік желілерін шолып шығамын», деді ол.


Соңғы жаңалықтар