Jańalyqtar
Алжирдегі ұшақ апаты: 257 адам қаза тапты
2018 жылғы 11 сәуір 18:24
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирде Ил-76ТД әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 257 адам қаза тапты. Мұндай нақты деректі Алжир мемлекеттік телеарнасы таратты, деп хабарлайды ТАСС.
Бұдан бұрын Алжир азаматтық қорғаныс басқармасы әуе апатынан 181 адамның мерт болғанын хабарлаған еді.
Елдің оңтүстік-батысындағы Буфарик - Тиндуф - Бешар маршруты бойынша бағыт алған Алжир ҚК ұшағы ел астанасы - Алжирден оңтүстікке қарай 50 шақырым қашықтықта орналасқан Буфариктегі әскери база әуе айлағынан ұшқаннан кейін бірнеше минут өткен соң құлаған. Ұшақ ауылшаруашылық егістігіне құлағаннан кейін жанып кеткен.
Алжир ұлттық қорғаныс министрлігі көлік ұшағының құлағанын ресми растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: vk-smi.ru
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- АҚШ тұрғыны лотереядан миллиард доллар ұтып алды
- ШҚО-да жол апатынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды
- Семейде 17 жастағы жас жігіт көпірден секіріп кетті
- ШҚО-да бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды
-
Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
-
Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER