Аляскада аптап ыстықтан балықтар қырылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл АҚШ-тың Аляска штатындағы жаз ерекше ыстық болғандықтан біршама балықтар, соның ішінде ақсерке қырылып жатыр. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Юкон тайпааралық балық комиссиясының директоры Стефани Куинн-Дэвидсонның айтуынша, жергілікті тұрғындар ақсеркенің қырылып жатқаны туралы хабар берген соң, Коюкук өзеніне бір топ зерттеуші барған.

Экспедиция уылдырық шашу кезінде мерт болған 850 ақсеркені анықтады. Бірақ зерттеушілер, мертіккен балықтар бұдан он есе көп болуы мүмкін екенін айтады.

Комиссия директоры балықтар өңірге тән емес аптап ыстықтан қырылғанын мәлімдеді.

Шілде айында АҚШ-тың Ұлттық метеорология қызметі Алясканың бірнеше ауданында ауа температурасы тым жоғарылап, рекордтық межеге жеткенін хабарлаған.

Мысалы, Штаттың оңтүстік бөлігінде, Найк өзенінің Аляска шығанағына құяр сағасына орын тепкен Анкоридж қаласында сынап бағаны 32ºC-ты көрсеткен.

Еске сала кетейік, шілдеде аптап ыстық салдарынан Аляскада ормандар жанып, құстар қырылған.



Соңғы жаңалықтар