Алтыншы қабаттан құлаған сәби аман қалды

None
None
ВИТЕБСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат - Витебскіде бір жарым жасар бала алтыншы қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БелТА агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу комитетінің мәліметтері бойынша, Витебск қаласындағы Интернационалист -жауынгерлер көшесіндегі пәтерде бір жарым жасар бала ағаларымен ойнап жүрген.

Шамамен сағат 19.00-де ол терезенің бекітілмеген қанатын ашып, москит торына сүйенген. Тор оны ұстап тұра алмады - бала алтыншы қабат терезесінен құлап кетті», - деді Тергеу комитетінен.

Сәбидің анасы оқиғадан сәл бұрын басқа бөлмеге кеткен болып шықты. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.

Жедел-тергеу тобы оқиға болған жерді қарады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, жәбірленушінің ата-аналары сұралды. Отбасының әлеуметтік жағдайы тәуір екендігі және оң сипатталатындығы анықталды.


Соңғы жаңалықтар